"JAS QALAM" журналистерге арналған республикалық-онлайн жобасы

"JAS QALAM" жас журналистерге арналған республикалық-онлайн жобаның қатысушысы болуға шақырады.

Басталуы: 26 қазан

Жоба Елбасы Қорының қолдауымен өтпек. Аталмыш жоба жас, әмбебап, жаңашыл журналистердің жаңа алаңын құру мақсатында жүзеге асып отыр..

Биыл үшінші рет өткізілетін "JAS QALAM" жобасы мыңдаған жас журналистердің, блогерлердің, студенттер мен оқушылардың, шығармашыл жастардың басын біріктіреді. Мақсат - журналистердің жаңа онлайн медианың бөлшегі болуы.

Осы жылы қатысушылар бір ай төмендегі 4 бағыт бойынша екі тілде білім алады:
- Блоггинг және әлеуметтік медиа
- Жеке брендинг және PR
- Тележурналистика
- Баспа және интернет журналистика

Осы мүмкіндікті жіберіп алмау үшін мына сілтемеге өтіп 22 қазанға дейін өтініш бер.

Білім тегін, ал орындар шектеулі.