"Абай әлемі" онлайн-студенттік өнер фестивалі өтеді

Құрметті достар! "Абай әлемі" жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестиваліне қатысыңыздар. 
 
Қатысушылар:
 
• Фестивальге республикамыздың жоғарғы оқу орындарының қазақ және өзге ұлт өкілдері мен шетелдік студенттері қатыса алады. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан бір университеттен бес қатысушы қатыса алады.
 
Фестиваль байқаулары:

• Абай өлеңдері;
• Абайдың қара сөздері;
• Абай әндері;
• Абай – әлем тілдерінде;
• «Абай әлемі» сурет өнерінде.

Әр  байқау жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ жүлделі орындармен, ақшалай және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Фестиваль екі кезеңде өтеді.

Іріктеу кезеңі 30-31 қазан аралығында республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында онлайн режимінде өткізіледі. Видео, слайд, фотоларыңызды жариялаған кезде #AbaiAlemi2020 хештегін жазып, @abaialemi2020 @abai_university парақшаларын белгілеуге ұмытып кетпеңіздер.
 
Іріктеу кезеңінің қорытынды материалдары 6 қарашаға дейін Абай университетінің ұйымдастыру алқасына abai_alemi2020@mail.ru,  b_kazyna@bk.ru электронды пошталарына  жолдануы тиіс.
 
Қорытынды кезең Абай университетінде онлайн режимінде өткізіледі. Өткізілу мерзімі: 4-5 желтоқсан 2020 жыл.
 
Ұйымдастырушылар:
 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
 
Фестиваль туралы қосымша ақпаратты @abaialemi2020 @abai_university парақшаларынан таба аласыздар.  

@abaialemi2020 @abaialemi2020